Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 769-ға дейін төмендеді
Опубликовано:

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 108
- Алматы қаласы - 119
- Шымкент қаласы - 14
- Ақмола облысы - 66
- Ақтөбе облысы - 10
- Алматы облысы - 22
- Атырау облысы - 5
- Шығыс Қазақстан облысы - 26
- Жамбыл облысы - 3
- Батыс Қазақстан облысы - 5
- Қарағанды облысы - 110
- Қостанай облысы - 72
- Қызылорда облысы - 5
- Маңғыстау облысы - 2
- Павлодар облысы - 100
- Солтүстік Қазақстан облысы - 99
- Түркістан облысы - 3.
Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 965 518-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 482 адам дерттен жазылып шыққан.
Қазір елімізде 29 469 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 281 пациент стационарда, 23 188 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
457 адамның жағдайы ауыр, 131 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 91 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943429-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-769-ga-deiin-tomendedi/