Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

70-ке таяған шағында ақ көйлек киіп, гүл шоғын лақтырған зейнеткер көпшілікті таңғалдырды

Опубликовано:

Ерлі-зайыптылар
Видеодан кадр: tiktok.com/@di.mukanova

Отасқандарына жарты ғасыр болған қазақстандық ерлі-зайыпты "алтын тойында" күйеу жігіт пен қалыңдық кейпіне енді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақ көйлек киген зейнеткердің видеосы TikTok әлеуметтік желісінде жарияланды.

"Анамның арманы орындалды! Бәріне жұғысты болсын", - деп жазды автор.

Сонымен қатар, видео авторы анасы 69, әкесі 75 жаста екенін атап өтті.

Ал зейнеткердің сөзінше, ол ақ көйлек киюді армандаған.

"Келін болып түскеніме 50 жыл толыпты. Сол кезде ақ көйлек кимеп едім. Бір абысыным біреудің көйлегін кигізгісі келді, бірақ мен келіспедім. Кейін ұлдарым мен қыздарым өскеннен кейін оларға "ақ көйлек кигізіңдер" дедім. Бүгін арманым орындалды деп ойлаймын. Балаларыма рахмет", - дейді әйел.

"Алтын той" кезінде ерлі-зайыптылар вальс билеп, тіпті қалыңдық қолындағы гүл шоғын лақтырған.

Видеоны көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, анасының арманын орындаған балаларына ризашылығын білдірді.

"50 жылда ел жаңа, бақытты болыңыз, апа", "Жаным, апатайым, бізге де сіздің жолыңызды берсін", "Әрбір қыздың арманы ғой, апа үшін мен қуаныштымын", "Кермет, бізде сіз секілді 50 жылдан кейін ақ көйлек киейік", "Менде той көйлегін кимедім, менің де арманым ақ көйлек кию", "Әр адам бақытты болуға лайықты, жарайсыздар", "Балаларыңыз да өздеріңіз секілді бақытты әрі ұзақ өмір сүрсін", - деп жазуда желі қолданушалыры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943465-70-ke-tayagan-sagynda-aq-koilek-kiip-gulsogyn-laqtyrgan-zeinetker-kopsilikti-tangaldyrdy-video/

pixel