Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болгарияда автобус апатынан 45 адам қаза тапты

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: pixabay.com

Болгарияда македониялық автобустың қатысуымен болған жол апатынан 45 адам қаза тапты, оның 12-сі бала деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БГНЕС агенттігіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 03.00 шамасында (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 7.00-де) София-Благоевград тас жолының 31-ші шақырымында болған.

Ішінде 52 адам болған автобус кеше түнде Болгария шекарасын кесіп өткен. Қаза тапқандар арасында автобус жүргізушісі де бар.

Апаттан жеті адам аман қалған, оның ішінде екі әйел мен бес ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы нөсер жаңбырдың салдарынан немесе жүргізушінің көлікті басқарып келе жатып ұйықтап кетуінен болған деген болжам бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943472-bolgariyada-avtobus-apatynan-45-adam-qaza-tapty/

pixel