Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі ұсталды

Опубликовано:

Өртенген көлік
Фото: polisia.kz

Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі сыбайласымен бірге бөтеннің көлігін ұрлап, өртеп жіберген деп күдіктелуде. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай, 21 қарашада Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Оның сөзінше, кешкі уақытта қала орталығындағы көшелердің бірінде белгісіз біреулер ұрып-соғып, көлігін ұрлап кеткен.

Келтірілген материалдық шығын 1 500 000 теңгені құрайды.

Ер адамның арызынан кейін барлық патрульдік қызметтерге ұрланған көлік бойынша бағыт-бағдар берілген. Көп ұзамай Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері екі күдіктіні ұстаған.

Олар ұрланған көлікті өртеп жіберген.

Сондай-ақ, күдіктілердің бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі екендігі анықталған. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған.

Атап айтсақ, 2015 жылы қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 200-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтары (Адамдар тобы болып, денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып автомобильді айдап кету) бойынша және 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша (Бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943505-turmeden-endi-syqqan-qyzylordalyq-sybailasymen-birge-botennin-koligin-urlap-ortep-zibergen/

pixel