Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған оқушылардың өзін жайсыз сезінгені рас па

Опубликовано:

Вакцина салу сәті
Көрнекі фото: pexels.com

WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында COVID-19-ға қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өздерін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады. Алайда, stopfake.kz бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы да бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"2021 жылғы 21 қарашада Тимирязев ауданы бойынша 9 балаға Pfizer (АҚШ) компаниясының Comirnaty вакцинасы егілді. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Тимирязев ауданы білім беру бөлімінің басшысы және Тимирязево мектеп-гимназиясының директоры хабарлағандай, бұл ақпарат расталған жоқ", – деді ведомстводағылар.

Осы орайда, медицина мамандары ел тұрғындарын тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943530-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrgan-oqusylardyn-ozin-zaisyz-sezingeni-ras-pa/

pixel