RU

Коронавирус: Екпе алған жасөспірімдерге вакцина паспорты беріле ме

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бүгінде елімізде 12 жастан асқан жасөспірімдер Pfіzer вакцинасын алып жатыр. Осы орайда еспе алған балалардың мәртебесі Ashyq жүйесі арқылы көрсетіле ме? Үкімет үйінде тілшілердің бұл сұрағына еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы екпе алған балаларға вакцинация паспортын беру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Дегенмен екпе алып жатқан жасөспірімдер тіркеліп жатыр. Иә, балаларға арналған вакцинация паспорты туралы сұрап жатқан азаматтар бар. Коронавирусқа қарсы вакцина балаларға кішкентай кезінде салынатын егу секілді, әр баланың егу паспорты бар. Сондықтан вакцина алғаны туралы бөлек паспорт берудің қажеті шамалы. Ал Ashyq жүйесіне келсек, ол тек үлкен адамдарға қатысты" , - деді А. Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943531-koronavirus-ekpe-algan-zasospirimderge-vakcina-pasporty-berile-me/