Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалықтардың үйіне шақырылмаған қонақ келіп, телефонын ұрлап кетті (видео)

Опубликовано:

Ер адам
Видеодан кадр: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Нұр-Сұлтан полицейлері көппәтерлі үйлердің біріндегі ұрлықты ашты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрлық жасады деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталған.

"Күдікті тұрғындардың артынан подъезге кіріп, пәтерлерді тексерген. Тұтқаға тиісу арқылы ол ашық тұрған есіктерді анықтап, ішке кірген. Кіреберіс бөлмеден 400 мың теңге тұратын Xiaomi маркалы телефон мен рюкзакты ұрлаған", - деді ведомство.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал ұрланған телефон иесіне қайтарылған.

Полицияның дерегінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Одан бөлек, күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды сақ болуға, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға, подъездерге бейнебақылау камераларын орнатуға, пәтерлерді күзет дабылымен жабдықтауға және баспана есіктерін аз уақытқа болса да ашық қалдырмауға шақырады", - деп хабарлады полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943533-elordadalyqtardyn-uiine-saqyrylmagan-qonaq-kelip-telefonyn-urlap-ketti-video/

pixel