Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жергілікті тұрғын кальян шеккені үшін жазаланды

Опубликовано:

кальян шеккен қыз
Көрнекі фото: b-hookah.ru

Павлодарда жергілікті тұрғынға кальян шеккені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының орталық полиция бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлері рейдтік алдын алу іс-шараларын өткізу барысында Генерал Дүйсенов көшесіндегі дәмханада аталған мекеменің 33 жастағы әкімшісінің кальян шеккенін анықтады.

Әкімшіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша хаттама толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Айта кету керек, Қазақстанда темекі шегу туралы заңнама күшейтілді. Жаңа заңға сәйкес, өз үйіңізден басқа жерде кальян шегуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, адам денсаулығына қаупін азайту үшін темекі өнімдері мен электронды темекі шегуге тағы бірнеше қоғамдық орындарда тыйым салынды. Енді жабық қоғамдық аялдамаларда, ойын алаңдарында, метрода және жер асты өткелдерінде темекі шегуге болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943549-pavlodarda-zergilikti-turgyn-kalyan-sekkeni-usin-zazalandy/

pixel