Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қонақ үйде жезөкшелер притонын ұйымдастырған жеңгетай ұсталды

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте полиция қызметкерлері қонақ үйде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған әйелді ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қала аумағында адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу, ескерту, жолын кесу және әшкерелеу мақсатында 22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында "STOР-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында қаладағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған азаматша анықталып, Абай ауданының полиция басқармасына жеткізілді.

"Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі бойынша (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - деп хабарлады ведомстводан.

Осы ретте шымкенттік тәртіп сақшылары адам саудасына және жеңгетайлыққа байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

"Егер сізде осындай қылмыстар туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның "102" арнасына хабарласыңыз", - деді полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943550-symkentte-qonaq-uide-zezokseler-pritonyn-uiymdastyrgan-zengetai-ustaldy/

pixel