Ashyq қосымшасында ақау пайда болды
Опубликовано:

Ashyq қосымшасында ақау пайда болды. Бұл ақпаратты жобаны әзірлеушілер Telegram-дағы ресми арнасында растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Құрметті Ashyq қызметін пайдаланушылар, біз қазір техникалық ақауларға тап болып жатырмыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!" – делінген хабарламада.
Ақау себептері, сондай-ақ өтінімді қалпына келтіру мерзімі туралы ақпарат айтылған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екпе алған жасөспірімдерге вакцина паспорты беріле ме, деген сауалға жауап берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943557-ashyq-qosymsasynda-aqau-paida-boldy/