Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Дабыл
Фото: Stephen Tjipto Hartono/Getty Images

Нұр-Сұлтан қалалық төте жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, ағымдағы жылғы 24 қарашада 09 сағат 55 минутта теле-радио арналарды қамти отырып, электродабылдарын қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеруін жүргізеді.

Естаріңізге сала кетсек, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол "Баршаңыздың назарына!" біріңғай құлақтандыру дабылын білдіреді.

Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) қосуы керек.

Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады" ,- делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943591-nur-sultan-qalalyq-totense-zagdailar-departamenti-turgyndarga-undeu-zoldady/

pixel