RU

Қостанайдағы өзенде мұз ойылып, ер адам көлігімен бірге суға батып кетті

су
Фото: Қостанай облысының ТЖД

Қостанайда ер адам көлігімен Обаған өзенінен өтпек болған, алайда мұз ойылып, суға батып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

22 қарашада Меңдіқара ауданында ер адам екі ұлы және туысымен бірге Харьковское ауылынан 40 шақырым жердегі Обаған өзеніне балық аулауға кеткен.

Сағат 21.20-да құтқарушыларға жолаушылар көлігімен өзеннен өтпек болған 72 жастағы ер адамның суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түседі.

Келесі күні таңертең құтқарушылар марқұмның денесін шығару үшін оқиға орнына жеткен. Ал ұлдары жазатайым оқиға болғанын айтып отыр..

"Біз торларды тексеруге бардық, ал әкеміз көліктерді қарап қалған болатын. Мотордың даусын естіген соң ағам екеуміз оның екі көліктің бірін оталдырып, жұқа мұзға қарай бағыт алғанын көрдік. Айқайлап артынан жүгірдік. Содан кейін мұз ойылып, көлікпен бірге ол бата бастады. Біз оны құтқара алмадық", - деді ұлдарының бірі.

Ол әкесінің мұндай қадамға неліктен барғанын түсінбегенін, отбасымен бірге бұл орында жиі болатынын және қауіптілігін жақсы білетінін жеткізді.

Сағат таңғы 10.00-де сүңгуірлер мәйітті мұз астынан шығарып, туыстарына тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943592-qostanaidagy-ozende-muz-oiylyp-er-adam-koligimen-birge-suga-batyp-ketti/