Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Головкин емес": Ресейлік канал Данияр Елеусіновтың әлсіз тұсын айтты

Опубликовано:

Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Ресейлік "неКАРАтэ" Youtube арнасы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов неліктен келесі жекпе-жегінде аса танымал емес мексикалық Данте Хардонмен жұдырықтасатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz

"Бұл мексикалық "есінен танған" деген лақап атпен танылғанымен, алып бара жатқан ештеңесі жоқ. Тек аты ғана хайп. Ал қазақстандық боксшы (ред. Елеусінов) қарсылас таңдауда "А" қатарында жүрген жоқ. Ол Головкин емес: әзірге боксшы соққы дарытуға кім мүмкіндік береді, соны ұрып жүреді", - деп атап өтті канал авторы.

Айта кетейік, Данте Хардон кәсіпқой бокста 34 рет жеңіске жеткен (оның 25-і нокаутпен) және 7 мәрте жеңіліс тапқан.

Ал отандасымыз Данияр Елеусінов 10 мәрте жеңіске жеткен, оның алтауында қарсыласын нокаутпен жеңген.

Былғары қолғап шеберлерінің кездесу 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943604-golovkin-emes-reseilik-kanal-daniyar-eleusinovtyn-alsiz-tusyn-aitty/

pixel