Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаркентте інісі ағасын сынған компьютер үшін балғамен ұрып өлтірген

Опубликовано:

Балға
Көрнекі фото: pixabay.com

Жаркент тұрғыны ағасын балғамен ұрып өлтірді. Ол полиция бөлімшесіне өзі келіп, қылмыс жасағанын мойындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

21 қараша күні Панфилов ауданының полиция бөлімшесіне жеке тұрғын үйлердің бірінен дене жарақаты бар 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келген. Полиция қызметкерлері дереу сол жерге аттанады.

Сол күні полиция бөлімшесіне жәбірленушінің інісі келіп, қылмыс жасағанын мойындаған.

21 жастағы ер адамның айтуынша, ол ата-анасы және екі ағасымен тұрады. Сол күні әкесі мен анасы түнгі кезекшілікке жұмысқа кеткен. Түнде ағасы мас болып келіп оны оятқан.

Олардың арасында жанжал туындайды. Сол кезде ағасы оның масыл екенін айтып, компьютерін шағып тастаған. Оның ұйықтағанын күткен інісі ол көзін жұма сала басынан бірнеше рет балғамен ұрған. Соққы салдарынан ер адам сол жерде көз жұмады.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі "Кісі өлтіру" бойынша іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943652-zarkentte-inisi-agasyn-syngan-kompyuter-usin-balgamen-uryp-oltirgen/

pixel