RU

Мал іздеуге шыққан: Ақтөбе облысында екі зейнеткер суға батып кетті

Су
Көрнекі фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында Темір өзеніне екі зейнеткер батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада Темір ауданының тұрғыны Темір өзенінен адамның мәйітін тауып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді.

Олар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан шығарды.

Туыстарынан сұрастыру, жауап алу кезінде марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені белгілі болды.

Тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзен түбінен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің мәйітін де тауып шығарды.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында боран кезінде адасып кеткен Ресей Федерациясының азаматын құтқарушылар төрт сағаттан астам уақыт бойы іздеген еді. Ер адамды іздеуге жеті көлік шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943695-mal-izdeuge-syqqan-aqtobe-oblysynda-eki-zeinetker-suga-batyp-ketti/