RU

Көкшетауда екі баланың анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Әсел Ахмеджанова85
Әсел Ахмеджанова. Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Көкшетауда 28 жастағы Әсел Ахмеджанова жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Ол 19 қараша күні түнде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, 22 қарашада Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 28 жастағы қызын тауып беруге көмек көрсетуді сұраған.

Оның айтуынша, қызы 19 қарашада сағат 00:00 шамасында балаларын үйде қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Хабар-ошарсыз кеткен Әселге қатысты толық мәлімет Ақмола облысы полиция басқармасының барлық бөлімшелеріне жолданған.

Әсел Ахмеджанованың белгілері: бойы 160-165 см, дене бітімі толықша келген, шашы иықтан төмен, түсі қара. Үстіне қара түсті куртка, қара шәпкі, сұр трико, аяғына ашық қоңыр түсті кроссовка киген.

Полиция қызметкерлері жоғалған тұрғын туралы қандай да бір ақпарат білетін жандар болса, 8 (7162) 29-96-00 нөміріне немесе 102 желісіне хабарласуды сұрайды.

Әсел Ахмеджанованы үйінде кәмелетке толмаған екі баласы күтіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943736-koksetauda-eki-balanyn-anasy-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketti/