Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға түсті
Опубликовано:

Ақмола облысының аумағында жол апаты болып, салдарынан екі адам көз жұмып, тағы төртеуі ауруханаға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жол апаты 23 қарашада шамамен 00.10-да Екатеринбург-Алматы тас жолының 967 шақырымында, Перекатное станциясының маңында болған.
Алдын ала болжам бойынша Hyundai Solaris көлігінің 52 жастағы жүргізушісі Қостанайға қарай кетіп бара жатып, тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол мезетте Атбасардың 59 жастағы тұрғыны басқарған Audi В4 көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан оқиға орнында Hyundai жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапқан. Олар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары.
Сондай-ақ, Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, Hyundai көлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілген.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол-қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді Ақмола облысының полиция департаментінен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943786-aqmola-oblysynda-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tauyp-tort-adam-auruxanaga-tusti/