Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрікменстанда әлі күнге дейін коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген

Опубликовано:

Батыр Реджепов
Батыр Реджепов. Фото: "Хабар 24" арнасы

Түрікменстан Қазақстанның вакциналау төлқұжатын мойындауы мүмкін деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Әлем бойынша коронавирустың таралауына қарамастан бұл елде бірде-бір індет жұқтырғандар тіркелмепті. Мұндай ақпаратты осы елдің Қазақстандағы елшісі Батыр Реджепов растады. Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа арналған брифинг барысында аталған дипломат екі ел арасындағы келісімдерге де тоқталды.

Оның айтуынша, бұған дейін екі ел Каспий теңізінің түбін өзара бөлу мен Қазақ-Түрікмен мемлекеттік шекарасын межелеу туралы келісімдерге келген. Бұдан бөлек келер жылы біздің елде Түрікменстанның мәдениет күндері өтетінін жеткізді. Сонымен қатар Ашхабадта қазақстандық ковид-төлқұжаттарды мойындау жағы да, қарастырылып жатқанын айтты. Бұл іс бойынша осыған дейін екіжақты кездесу де өткен.

"Аталған мәселе бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл біз екі елдің Денсаулық сақтау министрліктерінің өзара кездесуін өткізіп, нақты басымдықтарды белгіледік", – дейді Түрікменстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Батыр Реджепов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943788-turkimenstanda-ali-kunge-deiin-koronavirus-zuqtyru-deregi-tirkelmegen/

pixel