Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арон Атабек қайтыс болды

Опубликовано:

Арон Атабек
Арон Атабек. Фото: bureau.kz: bureau.kz

Ақын Арон Атабек Алматыда 24 қараша күні кешкісін 68 жасында қайтыс болды.

Бұл ақпаратты Азаттыққа Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нұтышева айтты.

1 қазанда Павлодардың №2 соты Арон Атабекті (Едігеев) сырқатына байланысты жаза мерзімін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, түрмеден босатқан еді. 15 жылын түрмеде өткізген ақын бостандыққа шыққан соң Алматыға оралған.

Бостандыққа шыққаннан соң Арон Атабектің халі нашарлап, Алматыдағы ауруханаға коронавирус диагнозымен жеткізілген еді. Кейін оның өкпесі қабынғаны да хабарланған.

Айта кетелік, Арон Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943799-almatyda-aron-atabek-qaitys-boldy/

pixel