RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта 1000-ға жуықтады

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 946 адам тіркелді, деп хабарлайды ️COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-дағы каналында.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 128
  • Алматы қаласында - 119
  • Шымкент қаласында – 11
  • Ақмола облысында – 63
  • Ақтөбе облысында - 14
  • Алматы облысында - 47
  • Атырау облысында - 17
  • Шығыс Қазақстан облысында - 53
  • Жамбыл облысында - 9
  • Батыс Қазақстан облысында -25
  • Қарағанды облысында - 107
  • Қостанай облысында - 101
  • Қызылорда облысында - 5
  • Маңғыстау облысында - 6
  • Павлодар облысында - 105
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 124
  • Түркістан облысында - 12.

Осылайша, жалпы Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 967 369-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 392 адам аурудан жазылып шыққан.

Қазір елімізде 28 106 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 879 пациент стационарда, 22 227 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

444 адамның жағдайы ауыр, 117 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 76 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943816-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-qaita-1000-ga-zuyqtady/