RU

Нұр-Сұлтан әуежайында қалың қарға байланысты рейстер кешіктірілуде

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанда қалың қар жаууына байланысты 20-дан астам рейс кейінге шегерілді деп, хабарлайды Азаматтық авиация комитеті ресми Telegram арнасында.

Комитеттің мәліметінше, ұшу-қону жолағын қардан тазарту үшін әуежай түнгі 02.30-дан таңғы 9-ға дейін уақытша жабылған.

Осыған байланысты әуежай ұшақтарды қабылдамаған. Сонымен қатар, ешбір әуе көлігі аспанға көтерілмеген. Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының ұшып-қону алаңы бүгін таңғы сағат 09.00-де қайта ашылған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшып шығуы тиіс 12 рейс және ұшып келуі тиіс 9 рейс кейінге шегерілген (қосымша аэродромға жіберілген).

"Жолаушылардан әуе компанияларының анықтама қызметтеріне хабарласуын сұраймыз", - деп қосты Азаматтық авиация комитеті.

Ұшып шығуы кешіктірілген рейстер:

  • KC956, Алматы
  • FZ 1706, Дубай
  • КС 921 Франкфурт
  • КС 407 Шымкент
  • DV 741 Ақтау
  • КС 207 Дубай
  • КС 981 Атырау
  • КС 622 Алматы
  • КС 7315 Қызылорда
  • SU 1957 Мәскеу
  • КС 123 Ташкент
  • КС 977 Ақтөбе.

Ұшып келуі кешіктірілген рейстер:

  • IQ 386 Қарағанды
  • DV 722 Ақтөбе
  • КС 984 Атырау
  • КС 7328 Шымкент
  • КС 314 Ақтау
  • КС 138 Санкт-Петербург
  • FZ 1705 Дубай
  • SU 1956 Мәскеу
  • КС 918 Алматы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943837-nur-sultan-auezaiynda-aua-raiyna-bailanysty-reister-kesiktirilude/