Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдымызда чемпиондық жекпе-жек тұр": Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Боксшы
Фото: janibek_qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті жанкүйерлер! Аллаға шүкір, бір белесті артта қалдырдық. Биыл екі бірдей бұрынғы әлем чемпионын ұттық. Бұйырса алдымызда чемпиондық жекпе-жек тұр.

Оның болғанынан боладысы қызық болары анық. Өздеріңіз де жаңалықтардан оқып жатқан шығарсыздар. Біздің кез келген чемпионмен шығуға дайын екенімізді білесіздер. Сіздер сияқты біз де жаңалықтар күтетін боламыз.

Әзірге команда демалыста. Әлеуметтік желідегі белсенділікті азайтамыз. Қолдауларыңызға көп рақмет. Жеңісті күндерде жолығайық!", - деді былғары қолғап шебері.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) WBA және WBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Хассан Ндам Нжикамды нокаутқа жіберіп, кәсіби бокстағы 11-жеңісіне қол жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943841-aldymyzda-cempiondyq-zekpe-zek-tur-zanibek-alimxanuly-zankuierlerine-undeu-zasady/

pixel