RU

Cбербанктің акциясына қатысушы 1800 теңгеге көлік ұтып алды

Диана Пак
Фото: Сбербанк

Сбербанк өзінің «Сбербанк 180» атты ауқымды акциясын қорытындылады, бас жүлде Toyota Land Cruiser 300 көлігін Алматы қаласынан 23 жасар студент-магистрант қыз ұтып алды.

Сбербанк мерейтойына орай бес ай бойы әр екі апта сайын банк клиенттерінің арасында жүлделер ұтыс ойынын өткізді. Акцияға 1800 теңгеден жоғары тауар немесе қызмет ақысын Сбербанктің VISA картасы бойынша Sber KZ мобильді қосымшасы, интернет немесе POS-терминалдар арқылы төлеген барлық клиенттер қатысты.

Акцияның аясында барлығы 150 адам жеңімпаз атанды. Жүлде ретінде MacBook, Apple Watch, iPhone, Samsung техникасы, Okko онлайн-кинотеатрының премиум-пакетіне, сондай-ақ СберЗвук стримингтік сервисіне жазылым, фитнес-клубтарға сертификаттар және т.б. сыйлықтар табысталды.

Ал басты және көпшіліктің қалауындағы жүлде – соңғы үлгідегі Toyota Land Cruiser 300 көлігі Сбербанктің туған күнінде тікелей эфирде кездейсоқ сандар генерациясы арқылы ойнатылды, ол Алматы қаласының тұрғыны Пак Дианаға бұйырды.

Диана Пак
Фото: Сбербанк

Пак Диана 23 жаста, университетте білім алады, қазіргі таңда заң саласы бойынша магистерлік жоба дайындау үстінде. Диана банк қызметін белсенді түрде қолданады, Sber KZ мобильді қосымшасында аударымдар жүргізіп, әртүрлі онлайн және оффлайн-сауда жасайды. Осындай кезекті транзакциялардың бірі Дианаға жеңіс сыйлады. Жеңімпаз атанғанын білген ол таңқалғаннан өз жеңісіне сене алмаған, қуанышты жаңалықпен бірінші болып ата-анасымен бөліскен.

«Маған Сбербанктен қоңырау шалған кезде мен ұшақта болатынмын, жерге енді қонған едік. Маған айтқандай, бұл соңғы шешуші қоңырау болған, жауап бермегенімде, басқа жеңімпаз таңдалатын еді. Менің жолым болды, бағым жанды. Мен еліміздегі барлық тұрғындарға әр күндеріңізге қуана біліңіздер деп айтқым келеді, ризашылықпен өмір сүрсеңіз, өзіңізге тек жақсылықты тартасыз», - деді Диана Пак.

Жеңімпаз қыздың жүргізуші куәлігі бар, алайда ол көлікті әкесіне сыйлап, әкесінің көптен бергі арманын орындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943844-cberbanktin-akciyasyna-qatysusy-1800-tengege-kolik-utyp-aldy/