Толассыз жауған қар: Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары онлайн оқу режиміне ауысты
Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-7 сынып оқушыларының сабақтары онлайн режимге ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептеріндегі екінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары 25 қарашада қашықтықтан оқиды", - делінген білім басқармасы таратқан хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, 24-25 қарашаға қараған түні елорданың коммуналдық қызметтері 25,5 мың текше метрден астам қар шығарған.
Камаздар қар полигондарына барлығы 14 мыңнан астам рейс жасаған.
"Қазгидромет" РМК өкілдерінің дерегінше, қарашаның 24-і және 25-не қараған түні елордада 25 мм жауын-шашын түскен.
Нұр-Сұлтанда қараша айындағы жауын-шашын нормасы — 28 мм болатын, яғни бір тәулік ішінде елордада жауын-шашынның бір айлық нормасы түсіп отыр.
Синоптиктердің болжамынша, қар сағат 16.00-де тоқтайды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943880-tolassyz-zaugan-qar-nur-sultanda-mektep-oqusylary-onlain-oqu-rezimine-auysty/