Алматыда қоғамдық көліктерде жолақысы көтерілуі мүмкін

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жаңа жылдан кейін Алматыда қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы брифинг кезінде қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, келер жылы қоғамдық көлік саласында бірқатар өзгеріс болады деп күтілуде. Мәселен, тасымалдаушыларға қатысты жаңа талаптар қойылады.

Билік жаңа шарттар бойынша жұмыс істей алатын компанияларды ғана тартуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, 2022 жылы қоғамдық көліктерде жолақысы қымбаттауы мүмкін.

"Тариф 80 теңге - бұл төмен тариф. Нақты тариф екі есеге жоғары. Жаңа жылдан кейін тарифтерді қаншалықты өзгерте алатынымызды қарастыруымыз мүмкін. Бұл мәселе өзекті болып отыр.

Бірақ кәсіпорындар мен тасымалдаушылар бағаны көтеруге дайын, өйткені бұл басты кіріс көзі. Дегенмен біз халықтың төлеу қабілетіне де қарап отырмыз. Бүгінде жолақыны қымбаттату мәселесі көтеріліп отыр, оның қаншаға өсетінін мен әзірге айта алмаймын", - деді Құсайынов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943907-almatyda-qogamdyq-kolikterde-zolaqysy-koterilui-mumkin/