Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда сүрбойдақтар мен кәрі қыздар неге көбейіп кетті: Психолог жауап берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде егде жасқа келіп, үйленбей немесе тұрмысқа шықпай жүрген жандар қатары көбейіп барады. Сүрбойдақ пен кәрі қыз атанбау үшін нені білу керек? Отбасы құрар алдында қандай қағидаттарды ескеру қажет? Бұл сауалдарға психолог Арайлым Тоқсанбаева жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маман адам жасының үйленуге қатысы жоқ екенін жеткізді.

"Ол әр адамның өз бойындағы ересектік қасиетті дамытуына байланысты. Егер отбасы құрып, ондағы міндетті білетін болсаңыз, қай жаста да үйленуге болады. Әрине, ең алдымен шаңырақ құрмас бұрын ойлануыңыз қажет. Ертеңгі күні ол адамға мен не бере аламын және мен одан нені қалаймын деген сұрақты ой елегінен өткізген жөн", - деді Тоқсанбаева.

Ол қазіргі уақытта егде жастағы жандардың отбасын құрмауына көптеген фактор әсер ететінін жасырған жоқ.

"Қазіргі таңда ақпарат көп. Ойын-сауық кештері әр жерде бар. Жастарды еліктіретін, ойларын бөлетін дүниелер аз емес. Мысалы, әлеуметтік желілерде пайдалы-пайдасыз ақпараттар жеткілікті. Сол себепті ақпараттың көптігі де өз әсерін беріп жатыр деп ойлаймын. Оның басқа да негізгі факторлары бар. Мәселен, ата-анасы балаларына материалдық жағдайының жетіспеушілігін көрсетіп тәрбиелейтін отбасылар болады. Сол себепті көпшілік бойдақтарға материалдық жағдайым жақсармай үйленбеймін деген пікір қалыптасқан. Бірақ ол үшін де мотивация керек емес пе? Біз балаларға көбіне соңғы көрсеткіш қандай болу керектігін үйретеміз, алайда оған жету жолындағы процестерді, мұндағы іс-әрекеттерді үйретпейміз. Яғни, баса назар аударылмай қалады", - деді маман.

Психологтың сөзінше, орта жасқа келген ерлер мен әйелдерге жақындары үйлен немесе тұрмысқа шық деп айтудың қажеті жоқ. Керісінше, бұл сөз олардың отбасын құруға деген ашуын келтіріп, оған қарсы әрекет жасауын өршітіп аламыз, дейді Тоқсанбаева.

Сондықтан жастарға жанұяның жақсы тұстарын көрсету қажет.

"Бұл жерде жауапкершілік – үйленген ересек адамдарда. Тағы бір себеп, қазір тұрмысқа жаңа шыққан қыз балалар өз ауыртпалықтарын дос қыздарына айтып салады. Оның ішінде айту керек және айтпау қажетте мәселелер бар. Бұл айтылған дүниелерді естіген азаматтарымыз отбасы деген тек ауыртпалықтан тұрады деп түсінеді", - деп ағынан жарылды маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943917-qazaqstanda-surboidaqtar-men-kari-qyzdar-nege-kobeiip-ketti-psixolog-zauap-berdi/

pixel