Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі колледждерде 50 мамандық бойынша оқыту тоқтатылды

Опубликовано:

ЖОО
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігі сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның мәлімдеуінше, техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышы әзірлніп, бекітілген. Өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған.

Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр. 

Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылған.

Сондай-ақ жіктеушіден "Білім беру ұйымының зертханашысы", "Патенттану" және басқа да мамандықтар алынып тасталды.

"Біздің басты мақсатымыз білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру болып табылады. Сондықтан біз үлкен талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездестік. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, мамандықтар жіктеуішісін жаңарттық", - деді БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова. 

Енді еліміздің колледждерінде:

  • Робототехника және ендірілген жүйелер;
  • Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы;
  • "Өндірістің аддитивті технологиялары;
  • "Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе;
  • "Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері";
  • "Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру";
  • "Графикалық және мультимедиялық дизайн";
  • "Тас өңдеу өндірісі";
  • "Ландшафтық дизайн";
  • "Жылжымайтын мүлікті басқару";
  • "Дестинацияны басқару";
  • "Құрылыстағы сметалық іс";
  • "Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі" және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943929-elimizdegi-kolledzderde-50-mamandyq-boiynsa-oqytu-toqtatyldy/

pixel