RU

Жамбыл облысында келіншек туған баласын бөтен жанұяға беріп жіберген

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жамбыл облысында әйел адам баласын бөтен адамдарға берген. Бұл факті "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық шарасы аясында анықталған, деп жазады Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары 22 жастағы әйелді ұстаған. Белгілі болғандай, ол 2018 жылы бала босанып, нәрестесін басқа отбасыға асырауға заңсыз берген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі бойынша (Кәмелет жасына толмаған балаларды саудалау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйел кінәсін мойындаған.

Одан бөлек, Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 449-бабы 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу) 36 адам жауапкершілікке тартылған.

"Жеңгетай" санаты бойынша бір адам мен жезөкшелікпен айналысқан алты қыз есепке алынған. Олардың бірі Алматыда іздеуде жүргендер қатарында болған. Сол себепті оны оңтүстік астанаға жеткізу үшін қамауға алған.

Еске сала кетсек, бұған дейн Жаңаөзенде қонақ үйде 22 мен 30 жас аралығындағы жеңіл жүрісті қыздар ұсталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943933-zambyl-oblysynda-kelinsek-tugan-balasyn-boten-zanuyaga-berip-zibergen/