jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қаржы пирамидасына басшылық еткен ақтөбеліктен 70 млн теңге өндірілді

қаржы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбеде жүздеген салымшыны тақырға отырғызған қаржы пирамидасының 38 жастағы басшысы Ізтілеу Қайрат Әлібайұлына сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Golden city-200 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы деп танылған ол жәбірленушілерге 71 550 000 көлемінде материалдық залал келтірген.

Кінәсін толық мойындаған сотталушы тергеу амалдары жүргізілген бір жыл уақыт ішінде салымшылар алдындағы 70 350 000 теңге қарызын өтеп үлгерген. Ол 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

Анықталғандай, Ақтөбе қаласының №2 сотымен Қайрат Ізтілеуге қатысты іс қылмыстық кодекстің 217-бабы  3-бөлігі, 2-тармағымен қаралды.

Оның 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында адамдармен сөз байласып, Golden city-200  қаржы пирамидасын басқарғаны және жалған шарттар жасап, азаматтарға жоғары сыйақы үшін төлемдер алатынына кепілдік бергені анықталды.

Тергеу нәтижесінде қаржылық ұйымның жәбірленушілерге 71 550 000 көлемінде материалдық залал келтірілгені белгілі болды.

Сот отырысы кезінде сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін мойындады.

Судья Қайрат Ізтілеуге 7 жыл мерзімге коммециялық мекемелерде басшылық лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған.

Жәбірленушілердің пайдасына 70 350 000 тенге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қаржы пирамидасына басшылық еткен ақтөбеліктен 70 млн теңге өндірілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.