Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы клубтардың бірінде бойжеткенді соққыға жығып кетті

Опубликовано:

Клуб
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағандыдағы клубтардың бірінде қыздардың арасында кикілжің пайда болды. Салдарынан бойжеткендердің бірі жарақат алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қараша күні сағат 01:30 шамасында Қарағанды полициясына клубтағы клиенттердің арасында кикілжің туындағаны туралы хабарлама түскен. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына полицейлер жетті.

Осылайша, тәртіп сақшылары екі қыздың арасында жанжал болғанын анықтады. Салдарынан 20 жастағы қыз дене жарақатын алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ізін суытпай 25 жастағы Жезқазған тұрғыны қолға түсті. Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің 293- бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943958-qaragandydagy-klubtardyn-birinde-boizetkendi-soqqyga-zygyp-ketti/

pixel