Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жалдамалы пәтерден жас қыздың денесі табылды

Опубликовано:

пәтер кілт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен пышақ жарақатын алған қыздың денесі табылды. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Телеарнаның мәліметінше, 25 қарашада сағат 01:30-да қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен 20-25 жас шамасындағы қыздың денесі табылған.

Пәтер иесі марқұм үйді үш күнге жалдағанын айтқан.

Сондай-ақ, нұсқалардың бірінде қыз жалдамалы пәтерге жігітмен келгені, екеуінің арасында жанжал болған болуы мүмкін екені айтылған.

Алғашқы екі күнде бойжеткен пәтер иесімен байланысып отырған, оның даусынан айтарлықтай күдік тудыратын ештеңе байқалмапты.

Алайда үшінші күні қыз қоңырауға жауап бермей қойыпты. Өзіндегі кілтпен есікті ашқан әйел қонақ бөлмеде қанға боялған қыздың денесін көрген. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері мәйіттің пәтерде бір тәулікке жуық жатқанын анықтаған.

Телеарнаның хабарлауынша, қазіргі уақытта полицейлер күдіктілер мен куәгерлерді іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943967-symkentte-zaldamaly-paterden-zas-qyzdyn-denesi-tabyldy/

pixel