Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда фермерлерден миллиард теңгеден аса ақша ұрлағандар сотталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қостанай облысында шаруа қожалығының басшыларынан миллиард теңгеден аса ақша ұрлағандар анықталды. Алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қаржылық мониторинг жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Нұрлан Тілеубаев Сүлейменов және Шәмшадиновпен алдын-ала сөз байласу арқылы 70 шаруа қожалығының бидай мен арпаны сатқаны үшін алынған ақшалай қаражатты жымқыру сызбасын әзірлеген.

Тілеубаев пен директор Шәмшадинов "Зерновой Пул Казахстана-К" ЖШС атынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 21 мың тоннадан астам бидай мен арпа сатып алуға кейінге қалдыру шартымен үлгілік келісімдер жасасқан.

Іс жүзінде астықты иеленген Тілеубаев серіктестіктің төлем қабілетсіздігінің жалған жағдайларын жасаған. Содан кейін ол Қазақстаннан тыс жерлерде қаражатты заңдастырып, оны өзіне тиесілі "GrainExport-NS" ЖШС кәсіпорнының айналым капиталына енгізген.

Алаяқтық үшін Тілеубаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Сүлейменов пен Шәмшадиновтің әрқайсысы 5 жылға сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943978-qostanaida-fermerlerden-milliard-tengden-asa-aqsa-urlagandar-sottaldy/

pixel