Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 150 адамды алдап соққан ер адам 6 жылға сотталды

Опубликовано:

Қолынан кісен салынған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрып жүздеген адамды тақырға отырғызған тұрғынға сот үкімі шықты. 38 жастағы айыпталушы заңсыз қаржылық ұйымды басқарғаны үшін алты жарым жылын енді түрмеде өткізеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Golden city деп аталатын қаржы пирамидасы былтыр құрылған. Ақтөбеде небәрі бір-ақ ай жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде мыңдаған адамды өзіне тіркеп, ең аз дегенде 300 мың теңгеден алып отырған. Бұл ұйымға көбі бір жарым миллионнан үш миллион теңгеге дейін ақша салған.

Алайда басшысы бір түнде бар қаржыны алып қашып кеткенімен, кейін ұсталды. Ер адам сот отырысында кінәсін толық мойындаған. Елді алдағанын айтып, сан соғып қалған тұрғындардың теңгесін қайтарып беруге уәде еткен.

"Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге коммерциялық мекемелерге басшылық лауазымды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің пайдасына 70 миллион 350 мың теңге өндірілді", - деді Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944015-aqtobede-150-adamdy-aldap-soqqan-er-adam-6-zylga-sottaldy/

pixel