jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Петропавлда қаланы қоқыс басып қалуы мүмкін

Қоқыс
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Петропавлдың тазалығына жауапты мекемелер тарифті көтеруді талап етуде. Олар қоқыс шығаруға төленетін ақыны екі есе қымбаттату керек дейді. Өйтпесе, қаланы қоқыс басуы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Бүгін техникамыздың 40 пайызы жұмысқа  шыға алмады. Қалада қоқыс тау төбе болып үйіліп жатыр. Өйткені, биыл техникамыз қаражат жетіспеу себепті, мүлдем жөндеу көрген жоқ", - деді "Коммунсервис" ЖШС директоры Мұрат Есмұханов.

Петропавлда қоқыс шығарғаны үшін әр адам басына 220 теңге белгіленген. Бұл тариф 5 жылдан бері өзгермепті. Коммуналдық қызметтегілер мұндай мардымсыз ақыға техника жөндемек түгілі, жұмысшы да таба алмайсың дейді.

Қоқыс көлігінің жүргізушісі 150 мың теңге, ал жүк тиегіш 100 мың теңге көлемінде жалақы алады екен. Бірақ мұндай лас жұмысқа екінің бірі келісе бермейді. Сондықтан, тарифті  450 теңгеге дейін көтеруді талап етуде.

Егер ол орындалмаса, қарызы көп жатақханалар мен қала шетіндегі аудандардың қоқысын жинаудан бас тартпақшы. Коммуналдық мекемелер әкімдікке осы талабын жолдап та үлгерген.

"Әкімдік тарапынан тарифті көтеру бойынша шешім қабылдай алмаймыз. Сондықтан қазіргі таңда бұл сұрақ қоғамдық кеңесте, содан кейін мәслихат сессиясында қаралатын болады. Олардың берген бағалары барлығы қарастырылып, тарифті көтеру не көтермей туралы шешім сол жерде қабылданады", - деді Петропавл қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Петропавлда қаланы қоқыс басып қалуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.