Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың жаңа штамы анықталды: ДДСҰ шұғыл жиналыс өткізбек

Опубликовано:

Мария Ван Керкхове
Мария Ван Керкхове. Фото: Stefan Wermuth/Bloomberg via Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгін, 26 қарашада ОАР мен Ботсванда анықталған коронавирустың жылдам таралып жатқан штамын талқылау үшін шұғыл жиналыс өткізеді, деп хабарлайды CNBC.

Басылымның жазуынша, шұғыл кездесуде ДДСҰ мамндары вирустың B.1.1.529 нұсқасының қаншалықты қауіп тудыратынын талқылайды.

"Бұл нұсқаның бірнеше мутациясы бар. Мутация өте көп болған кезде ол вирустың өршуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Дәл осы бізді алаңдатып отыр", - дейді ДДСҰ COVID-19 бойынша техникалық жетекшісі Мария Ван Керкхове.

Ұлыбритания 26 қарашадан бастап алты афикалық елдермен әуе қатынасын шектейді.

Оңтүстік Африкадағы Инновациялар және эпидемияға қарсы әрекет ету орталығының директоры Тулио де Оливейра оңтүстік африкалық ғалымдар бұл штаммның 30-дан астам мутациясын тапқанын айтты.

Оңтүстік Африканың денсаулық сақтау министрі Джо Фахла бұл нұсқа Гонконгта да табылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944028-koronavirustyn-zana-stamy-anyqtaldy-ddsu-sugyl-zinalys-otkizbek/

pixel