Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің қанша өңірі "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

көше
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қазақстанның екі өңірі "қызыл" аймақта тұр, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

26 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары;
  • "жасыл" аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 971 адамнан коронавирус анықталды. Ел бойынша ауырғандар саны 968 340-қа жетіп отыр.

26 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 696 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 857 пациент стационарда, 21 839 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 422 адамның жағдайы ауыр, 121 пациенттің жағдайы өте ауыр, 81 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944032-koronavirus-elimizdin-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel