Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде көлік алмақ болған азамат алаяққа 700 мың теңге берген

Опубликовано:

ақша 15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Семей қаласының тұрғыны көлік алмақ болып алаяқтың арбауына түсті. Ол 700 мың теңге қаржысынан айырылып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиға бойынша қалалық ПБ Әуезов полиция бөліміне 33 жастағы ер адам жүгінген. Өз сөзінде ол әңгімеге тартқан белгісіз біреудің "ВАЗ-21060" маркалы автокөлікті арзан бағаға сататындығын айтып, сендіргенін жеткізді.

Бірақ 700 000 теңге ақшасын алғаннан кейін алаяқ хабарсыз кеткен. Сол кезде алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полициядан көмек сұрады.

"Тәртіп сақшылары бұрын сотталған 27 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда", - деді Семей қалалық ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944037-semeide-kolik-almaq-bolgan-azamat-alayaqqa-700-myn-tenge-bergen/

pixel