Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде қазақстандық блогерлер сотталды: жігіттердің сүйіктілері көз жасын тыя алмады (видео)

Опубликовано:

Қыздар
Видеодан кадр: t.me/shot_shot

Мәскеуде таксистің көлігін ұрлап, пранк жасаған үш қазақстандық блогерге сот үкімі шықты. Үкім оқылғаннан кейін жігіттердің сүйіктілері көз жасына ерік берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

24 жастағы Рамир Хасанов, 29 жастағы Айдын Түсіпов пен 31 жастағы Ерсін Дүмшебай "Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның көлікті айдап әкетуі" бабы бойынша сотталған.

Жігіттер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Олар сот залында қамауға алынды. Сот үкімін тыңдауға жастар жалғыз емес, сүйіктілерін ерте келген.

Shot Telegram каналы үкім оқылғаннан кейін эмоциясын ұстай алмай, көз жасына ерік берген қыздардың видеосын жаиялады.

"Бәрі жақсы болады, маған сен, жарай ма? Мен сені өте қатты жақсы көремін", - дейді қыздардың бірі.

Мәскеу прокуратурасының мәліметінше, 2021 жылдың наурыз айының ортасында айыпталушылар мобильдік қосымша арқылы "Москва-Сити" сауда орталығына премиум-класс санатындағы таксиді шақырған. Көлік діттеген жерге келген соң, олардың екеуі салонға отырып, жүргізушіден үшінші досына пакетті жүксалғышқа салуға көмектесуін сұраған.

Жүргізуші салоннан шыққан кезде айыпталушылардың бірі рөлге отырып, көлікті айдап кеткен. Екіншісі болып жатқан жайттың барлығын көлік салонының ішінде ұялы телефонның камерасына түсірген.

Ал үшіншісі сыбайластарын күту үшін сауда орталығының маңында қалған. Онымен қоса, ол да болып жатқан жайтты камераға түсіріп тұрған яғни видеоны алдағы уақытта әлеуметтік желілердің бірінде жарияламақ болған.

Бірнеше минуттан кейін айыпталушылар көлікті иесіне қайтарған және бұл әрекетін "алдау операциясы" деп түсіндірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944063-maskeude-qazaqstandyq-blogerler-sottaldy-zigitterdin-suiiktileri-koz-zasyn-tyya-almady-video/

pixel