RU

Екібастұзда автобус жаяу жүргіншілер өткелінде қыз баланы қағып кетті

жаяу жүргіншілер өткелі1
Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұзда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер өткелінде қыз баланы қағып кетті. Автобус айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 25 қарашада сағат 14:42-де музыкалық мектепке қарама-қарсы жерде 40 жастағы "Вольво" маршруттық автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2013 жылы туған қызды қағып кетті.

"Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған зардап шегуші түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Автобус арнайы айып тұрағына қойылған. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Таразда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазған едік. Салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944067-ekibastuzda-avtobus-zayau-zurginsiler-otkelinde-qyz-balany-qagyp-ketti/