Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда қыз таксисті балағаттап, жанжал шығарған

Опубликовано:

Такси
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодарда бойжеткен көлік салонында шылым шегуге рұқсат бермегені үшін шу шығарды. Ол балағат сөздер айтып, жолақысын төлеуден бас тартқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларына Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы аулада тұраққа қойылған таксидің жолаушысы шу шығарып, жүргізушіні балағаттап, көліктен түсуден бас тартқаны туралы хабар түскен.

Таксистің сөзінше, ол тапсырыс бойынша қызға келген. Бір кезде бойжеткен темекі тартпақ болған, алайда жүргізуші тыйым салыпты.

Содан кейін жолаушы бейәдеп сөздер айтып, діттеген жерге жеткен соң жолақысын төлеуден бас тартқан. Сол себепті ер адам полициядан көмек сұраған.

Осылайша, қызға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Енді ол 5 АЕК (14585 теңге) айыппұл төлеуге тиіс.

Дәл сол күні Қамзин көшесіндегі үйдің тұрғыны түн ортасында жанжал шығарған көршісіне шағымданған. Ол есікті жұдырықпен ұрып, аяғымен теуіп, пәтер иесін сыртқа шақырған. Өзге көршілерінің ескертуіне әйел агрессивті жауап берген.

Полицейлер тәртіп бұзушыға Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) хаттама толтырды. Оның мұндай қадамға баруына көршісін жақтырмауы себеп болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944071-pavlodarda-qyz-taksisti-balagattap-zanzal-sygargan/

pixel