Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда медбике коронавирус вакцинасын өтірік салып, қызметіне ақша алған

Опубликовано:

Вакцина салу сәті
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодарлық медбике COVID-19-ға қарсы вакцинаны өтірік егіп келді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Павлодар қаласындағы емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике коронавирус инфекциясына қарсы тұрғындарға вакцина жасау қызметін атқарғанын анықтады. Ол сондай-ақ азаматтарға екпені өтірік жасап, сол үшін олардан бірнеше мәрте ақша алған.

Күдікті алған ақшаның жалпы сомасы 160 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың шілде айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысының құқық қорғау органдары төлқұжаттарды қолдан жасады деген күдікпен қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерін анықтап, ұстаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944083-pavlodarda-medbike-koronavirus-vakcinasyn-otirik-salyp-qyzmetine-aqsa-algan/

pixel