Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада лифтіге түкірген астаналық видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Лифт
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almata

Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде лифтіге түкірген азамат жауапқа тартылды. Ер адамның іс-әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабалайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықтаған. Instagram парақшалардың бірі лифтінің камерасына жазылған видеоны жариялаған.

Кадрларда лифт кабинасына үш ер адамның кіргені, олардың бірі лифтінің есігіне түкіре бастағаны, ал екеуі досының әрекетіне күлгені көрсетілген.

Белгілі болғандай, видео Сарыарқа ауданындағы "Медина" тұрғын үй кешенінде түсірілген. Тәртіп бұзған 22 жастағы жігіт екені анықталды.

"Айналасындағыларға құрмет көрсетпей, қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орынды ластаған тәртіп бұзушыға қатысты ӘҚБтК 434-бабы, 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады полиция.

Жігітке 5 АЕК, яғни 14,5 мың теңге айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін. Іс материалдары әкімшілік сотқа жолданған.

Сонымен бірге, қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін жігітке айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944084-elordada-liftige-tukirgen-astanalyq-videoga-tusip-qaldy/

pixel