Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы жұрты Арон Атабекпен қоштасты (фото)

Опубликовано:

Жерлеу рәсімі
Фото: qamshy.kz

Алматыда жұрт ақын Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Басылымның мәліметінше, Арон Атабектің жаназасы қарындасының үйінде оқылған.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан қоштасу рәсіміне жүздеген адам жиналған. Олардың арасында оның әріптестері, саясаткерлер, қоғамға танымал белсенділер болған. Олар марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Ақын Алматы маңындағы Бағанашылдағы зиратқа жерленген.

Жерлеу рәсімі
Фото: qamshy.kz

Еске сала кетейік Арон Атабек 24 қарашада өмірден өтті. Оның қазасы жайлы әпкесі хабарлаған болатын.

Кейін ақынның өліміне қатысты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен "Медициналық көмек орталығының" дәрігерлері пікір білдіріп, Арон Атабектің өліміне не себеп болғанын айтты.

Айта кетейік, "Шаңырақ оқиғасы" бойынша сотталып, 15 жыл түрмеде отырған Арон Атабек осы жылдың 1 қазанда денсаулығына байланысты қамаудан босатылған еді.

Жерлеу рәсімі
Фото: qamshy.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944120-almaty-zurty-aron-atabekpen-qostasty/

pixel