"Солтүстікте аяз күшейеді": Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК алдағы демалыс күндеріне яғни 27-29 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Алдағы күндері елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың солтүстігінде сынап бағанасының төмендеуі күтіледі.
Солтүстік аймақтарда түнде 10-18, күндіз 7-15 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.
Ал елдің батыс өңірлеріне Ресейдің Еуропалық аумағының аудандарынан жылы фронт әсер етіп, бұл өңірлерде күндізгі уақытта ауа температурасы көтерілуі мүмкін.
Күндіз батысты 5 градусқа дейін, оңтүстік-батыста 12 градусқа дейін жылы болуы ықтимал.
Шығыста ауа температурасы түнде 15-23 градус аяздан 8-16 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 10 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Оңтүстікте түнде ауа температурасы 10 градус аяздан +5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, күндіз 10-15 градус аралығында жылы болмақ.
Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -7-18-ден градустан -10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, күндіз сынап бағанасы көтеріліп, 7 градусқа дейін жылы болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944177-soltustikte-qar-zauyp-ayaz-kuseiedi-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/