Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 млн теңге бөлдік": Ақмола облысының әкімі Шортандыдағы ТЖ-дан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетін айтты

Опубликовано:

Тілсіз жау
Оқиға орнынан фото: Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Шортанды ауылында газ баллонының жарылуы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қандай көмек көрсетілетін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ермек Маржықпаевтың сөзінше, газ баллоны жарылған үйдегі үш пәтер де жарамсыз болып қалған. Сондықтан тұрғындарға жаңа пәтер сатып алу үшін әкімдік тарапынан 30 миллион теңге бөлінген.

"Біз көрсетіп отырған көмектен бөлек, мешіт тарапынан қайырымдылық шоты ұйымдастырылып, 13 миллион теңгеден астам қаражат жиналды. Бұл қаражат зардап шеккендердің емделуі, отбасыларына көмек көрсетуге жұмсалады", - дейді аймақ басшысы.

Еске сала кетейік, 16 қарашада Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, үш пәтерлі баспана отқа оранған болатын. Салдарынан бес адам көз жұмып, 13 адам түрлі дене жарақатын алды.

Қазір олардың алтауы медициналық көмек алуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944178-30-mln-tenge-boldik-aqmola-oblysynyn-akimi-sortandydagy-tz-dan-zardap-sekkenderge-qandai-komek-korsetiletin-aitty/

pixel