Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңажылдық кештердің қалай өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

жаңа жыл
Көрнекі фото: pxhere.com

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мегаполсите жаңа жылдық корпоративтер қалай өтуі мүмкін, деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта қолданыстағы карантин талаптарына сәйкес Алматыда Ashyq жүйесіне тіркелген орындарда "жаңа жылдық корпоратив кештерін" өткізуге тыйым салынбайды, алайда шектеулер бар.

Келушілер мен мекеме қызметкерлерінің Ashyq жүйесінде "жасыл" статусы болуы керек.

Сонымен қатар шектеулер Алматының жаңа жылдық мереке қарсаңында коронавирустың таралуы бойынша "жасыл", "сары", "қызыл" аймақта болуына қарай белгіленеді:

  • "жасыл" аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 100 орыннан көп емес;
  • "сары" аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 70 орыннан көп емес;
  • "қызыл" аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 50 орыннан көп емес.

"Алматы қаласының "жасыл" аймақа тұрақты болуы ең алдымен мегаполис тұрғындарына байланысты – коронавирусқа қарсы белсенді түрде вакцина салдыру, маска тағу режимі мен арақашықтықты сақтау", - деді Байғабылов.

Ол Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай нашарласа, Ashyq жүйесіндегі нысандардың жұмыс режиміне қатысты карантин талаптары күшейтілетінін жеткізді.

Соның ішінде жаңа жылдық отырыстар мен басқа да іс-шараларды өткізуге қатысты шаралар күшейтілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944184-almatyda-zanazyldyq-kesterdin-qalai-otetini-belgili-boldy/

pixel