Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысының Бельгияға сапары туралы қорытынды видео жарияланды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: newtimes.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің желідегі парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Корольдігіне ресми сапары туралы қорытынды бейнеролик жарияланды.

"Брюссельге екі күндік сапар барысында Мемлекет басшысы Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізді", - деп жазды Берік Уәли видео астында.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапарымен екі күнге барды. Сапары соңында мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөз жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944235-memleket-bassysynyn-belgiyaga-sapary-turaly-qorytyndy-video-zariyalandy/

pixel