Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертең еліміздің бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Опубликовано:

қар
Көрнекі фото: pixabay.com

29 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек елдің қиыр батысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар республика бойынша тұман, екпінді жел болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлі ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944311-erten-elimizdin-birnese-onirinde-qar-aralas-zanbyr-zauyp-koktaigaq-bolady/

pixel