Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында төрт адам газдан уланып қайтыс болды

Опубликовано:

газ
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында 4 адам ысты газдан уланып, көз жұмды. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылындағы жеке тұрғын үйде болған.

28 қараша күні сағат 12:30 шамасында "112" қызметіне хабарласқан жергілікті тұрғын жеке тұрғын үйден 4 адамның, оның ішінде кәмелет жасына толмаған бір баланың жансыз денесі табылғанын айтқан.

"Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған. Пеш қатты отынмен жұмыс істеуге арналған, табиғи газбен жылытуға қайта жабдықталған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 49, 47 жастағы ағайынды жігіттер, тұлғасы анықталмаған әйел және 3-4 жас шамасындағы ер бала көз жұмған.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада времянкада тұратын алты бала улы газдан уланып қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944328-turkistan-oblysynda-tort-adam-ysty-gazdan-ulanyp-qaitys-boldy/

pixel