Атамқұлов үй бағасының шарықтауына тосқауыл қою үшін қандай шаралар жүзеге асырылатынын айтты

Опубликовано:

Бейбіт Атамқұлов
Бейбіт Атамқұлов. Видеодан кадр: "Хабар 24" арнасы

"Национальный интерес" бағдарламасына берген сұхбатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде тұрғын үй бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар іске асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Министрдің айтуынша, тұрғын үй нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылмақ.

Қазір осы бағытта министрлікте бірқатар жоба қарастырылып жатыр.

Атамқұловтың пайымынша, жаңа өндірістер баспана бағасының шарықтауын тоқтатады.

"Елімізде өндірілетін бірқатар материалдың тізбегі жасақталды. Бүгінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа өндірістер. Бірінші кезекте сан-фаянс пен өзге де керамика шығарамыз", - дейді ол.

Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, бүгінде Қазақстанда керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді, алайда өндіріс көлемі аз. Сондықтан министрлік тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 пайыз қамтамасыз етуды жоспарлап отыр.

Министрдің болжамынша, ал тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.

"Менің болжамымша баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр", – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944357-atamqulov-ui-bagasynyn-saryqtauyna-tosqauyl-qoyu-usin-qandai-saralar-zuzege-asyrylatynyn-aitty/